Басты бет99 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагерін Наурыз мейрамымен құттықтадық

99 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагерін Наурыз мейрамымен құттықтадық

99 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагерін Наурыз мейрамымен құттықтадық

МТҚБ-ның инженерлік орталығының жұмыскерлері мен директорының бірінші орынбасары Назар Уразбаев Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Антонович Сердюковты барлық ұжым атынан келе жатқан мерекемен құттықтады.

Василий Анатольевич 99 жаста. Ол – Ақмоланың жергілікті тұрғыны және тірі тарихы: ол әлі де көзі тірі өз көзімен соғыс қасіреттерін көрген, өз қолымен Отанды қорғаған аз адамның бірі. Астанада осындай соғыс батырлардан 6 адам ғана қалды.

Василий Антонович 1926 жылы Ақмола облысының Богданка ауылында дүниеге келді. 1943 жылы автополктың сержанты лауазымына шақырылып, содан кейін 26-ші ауыр минометті бригадада борышын атқарды. Соғысты Саратов облысында бастап, Белоруссияны азат етуге қатысты. Борышын атқарған Артиллериялық бөлім қатты шайқастармен Польша, Висл, Одер, Шпрее өзендерін өтіп, Рейхстагқа дейін жеткен. Соғыс ерліктері үшін бірнеше ордендармен марапатталған, бірақ солардың ішінде ең мақтан тұтатыны «Ерлігі үшін» медалі.

Ардагер майданға 16 жастағы жас бала болып түскен. 10-сыныпқа енді ғана аяқ басқанында, Шортанды аудандық әскери военкоматына келуін талап ететін шақырту қағазы келді. Ол жерден оны Саратов облысына орналасқан сержанттарды даярлайтын арнайы оқу орнына жіберді.

1945 жылғы Ұлы жеңіс күнің Василий Анатольевич 18 жастағы жас жігіт болып қарсы алды.

Қаза тапқандардың өте көп болды, - деп еске алды майдангер, - Рейстахқа барып, атынды жазу мүмкін емес еді, жер адам денелеріне толы болды.

Василий Анатольевич әлі де рухы мықты, сау-саламат және ақыл-есі дұрыс.

Соғыс батыры сыйлыққа риза болды, бірақ бізбен сөйлескеніне тіпті қуанды.