«Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны директоры лауазымының бос орнына конкурс жариялау
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны директоры лауазымының бос орнына конкурс жариялайды.
Конкурс өткізу мекенжайы: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, Министрліктер үйі, 12-подъезд, А 303-кабинет, анықтама телефоны:
(7172) 74-74-42.
Кәсіпорнының атауы: ШЖҚ-дағы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» РМК, мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 4-үй. Анықтама телефоны: (7172) 74-67-19.
Кәсіпорнының негізгі қызметі: Қазақстан Республикасының Парламентiне, тиiстi саланың уәкiлеттi органына, өзге де тұлғалар үшiн бұқаралық ақпарат құралдары, байланыс, коммуникация, ақпараттандыру және баспа қызметi саласында, өндiрістік жұмыстар мен қызметтер көрсету.
Конкурс қатысушыларға қойылатын талаптар:
- біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;
- техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштеріне сәйкес кәсіпорын қызметі саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы.
Конкурсқа қатысуға мынадай адамдар қабылданбайды:
1) 18 (он сегіз) жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Өтініш беру мерзімі: 2026 жылғы 12-22 маусым аралығында. Құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.
Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі мен әңгімелесу өткізу кестесі тізілімнің веб-порталында, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасынынң және кәсіпорынның интернет-ресурсында орналастырылады.
График проведения собеседования\Сұхбат өткізу кестесі
|
№ |
ФИО/Аты-жөні |
Формат/Форматы |
Дата и время/Күні мен уақыты |
Место/платформа проведения собеседования/ Сұхбат өткізу орны/ платформасы |
|
1; |
ЖАМАЛБЕКОВ ДУЛАТ |
Офлайн |
26.06.2026 16:00 |
г. Астана, пр. Мангилик Ел, 8, подъезд 12, кабинет А303 |
|
2; |
ТУРГАНБЕКОВ АСЫЛБЕК |
Офлайн |
26.06.2026 16:15 |
г. Астана, пр. Мангилик Ел, 8, подъезд 12, кабинет А303 |
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының мемлекеттік кәсіпорын басшысы лауазымдарына кандидаттарды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссиясының шешімі
Конкурстық комиссия ұсынылған құжаттардың негізінде, сондай-ақ өткізілген әңгімелесудің нәтижелері бойынша мынандай шешім қабылдады:
«Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры бос лауазымына тағайындау үшін Асылбек Бекмуратович Турганбеков ұсынылсын.