«ҚР Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің Инженерлік орталығы» ШЖҚ РМК-ның ақпараттық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері KazHackStan 2026 ең ірі халықаралық киберқауіпсіздік конференциясында UDP Guard командасының құрамында «CyberKumbez CTF» жарысында («Blue Team» санаты) 4-орынға ие болды.
Конференцияның басты тақырыбы: Кибертұрақтылық (Cyber Resilience) — жүйелердің шабуылдарға тойтарыс беріп қана қоймай, сонымен бірге оқиғалардан кейін тез арада қалпына келу қабілеті.
Конференцияға 10 000-нан астам қатысушы, 65 – 100 астам спикер, 200-ден астам компания, 40 хакерлік команда және 15 қорғаныс командасы қатысты.
Конференцияны ұйымдастырушы: TSARKA кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығы ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен, ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес департаментімен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесе.