Бүгін Халықаралық қарттар күнінде «Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің Инженерлік орталығы» ШЖҚ РМК ұжымы ардагерлерді мерекелерімен құттықтады.
Көп жылғы жемісті еңбектері мен Кәсіпорынның дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, зор денсаулық, ұзақ өмір, бақ-береке тілеп, сыйлық қоржындарын табыс етті.
Кездесу өте жылы атмосферада өтті, ардагерлер қонақтарды қуанышпен қарсы алып, сыйлықтар мен құттықтауларды қабылдап, еңбек өмірінен сыр шертті, өскелең ұрпаққа құнды кеңестерін айтты.
Халықаралық қарттар күні – аға ұрпақ пен еңбек ардагерлеріне көп жылғы адал еңбегі, даналығы және баға жетпес өмірлік тәжірибесі үшін терең алғыс пен құрмет көрсетудің тамаша мүмкіндігі.