Басты бет › Цифрлық технологиялар саласында кадрларды даярлау бойынша семинар

Цифрлық технологиялар саласында кадрларды даярлау бойынша семинар

Цифрлық технологиялар саласында кадрларды даярлау бойынша семинар

«ҚР Құрылтайының ШҚД Инженерлік орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерлері Нанкин қаласында (Қытай Халық Республикасы) өткен «Қытай – ШЫҰ» ынтымақтастық орталығы ұйымдастырған «Цифрлық қозғалтқыш: Зияткерлік Жібек жолы – трансшекаралық ынтымақтастық және зияткерлік өндіріс бойынша тақырыптық семинар» атты цифрлық технологиялар саласындағы кадрларды даярлау семинарына қатысты.

Оқу үдерісінде жасанды интеллект, бұлтты есептеулер, желілік және ақпараттық қауіпсіздік бойынша дәрістер тыңдалып, қосымшаларды әзірлеу бойынша практикалық сабақтар, сондай-ақ Нанкин қаласының жетекші кәсіпорындарына, технопарктері мен зертханаларына көшпелі сабақтар өткізілді.

Бағдарламаға қатысу Қытай Халық Республикасының жасанды интеллектіні, бұлтты есептеулерді және ақпараттық қауіпсіздік шешімдерін қолданудағы тәжірибесін зерделеуге мүмкіндік берді.

Орталық қызметкерлерден алған білім цифрландыру жөніндегі мастер-жоспар жобаларын іске асыру кезінде, сондай-ақ жаңа жобаларды қалыптастыруда, ұсынылатын техникалық шешімдерді бағалауда және енгізілген жүйелерге мониторинг жүргізуде қолданылатын болады.