Басты бет«Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» РМК директоры тағайындалды

«Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» РМК директоры тағайындалды

«Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» РМК директоры тағайындалды «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» РМК директоры тағайындалды

1 шілде Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы аппаратының басшысы Алмас Исаков және Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Серік Бақтияр «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» РМК ұжымына жаңа директорды Асылбек Бекмұратұлы Тұрғанбековті таныстырды.

Асылбек Бекмұратұлы – ақпараттық технологиялар және цифрландыру саласында 20 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі басшы. 2004 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын байланыс инженері мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын «Қазақтелеком» АҚ-да бастап, кейін «KazTransCom» АҚ, «Digital TV» ЖШС, «Қазсатнет» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ,  «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК,  Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Инженерлік-техникалық орталығы» РМК ұйымдарында жауапты және басшылық қызметтер атқарған.

Басшылық Асылбек Бекмұратұлын жаңа қызметімен құттықтап, жауапты қызметіне табыс, алға қойған міндеттерді нәтижелі жүзеге асыруына сәттілік тіледі.