Басты бетИнженерлік орталығы мамандары Карамайда өткен «Қытай–Шанхай ынтымақтастық ұйымы цифрлық технологи...

Инженерлік орталығы мамандары Карамайда өткен «Қытай–Шанхай ынтымақтастық ұйымы цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастық пен даму форумына» қатысты

Инженерлік орталығы мамандары Карамайда өткен «Қытай–Шанхай ынтымақтастық ұйымы цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастық пен даму форумына» қатысты Инженерлік орталығы мамандары Карамайда өткен «Қытай–Шанхай ынтымақтастық ұйымы цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастық пен даму форумына» қатысты Инженерлік орталығы мамандары Карамайда өткен «Қытай–Шанхай ынтымақтастық ұйымы цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастық пен даму форумына» қатысты

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының) ведомстволық бағынысты ұйымдары делегациясының құрамында «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы инженерлік орталығы» мамандары «Қытай–Шанхай ынтымақтастық ұйымы цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастық пен даму форумында» болды. Шара Қытай Халық Республикасының Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Карамай қаласында өтті.

Форум алаңына Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің мемлекеттік қызметкерлері, ғылыми қауым, бизнес және ақпараттық технологиялар саласының өкілдері қатысты. Биылғы форумның күн тәртібі жасанды интеллектті қолданбалы пайдалану мен аймақ елдері арасындағы цифрлық өзара әрекеттестіктің тұрақты арналарын қалыптастыруға бағытталды.

Іскерлік бөлім пленарлық сөйлеулерді, тақырыптық сессияларды, сондай-ақ ұйымдар дайын өнімдерін ұсынып, бірлескен жобаларды талқылаған іскерлік байланыс алаңын қамтыды. Қатысушылар деректер өңдеу орталықтарын құру мен пайдалану тәжірибесін, мемлекеттік секторда жасанды интеллектті енгізу сценарийлерін, салалық стандарттау мәселелерін, сондай-ақ «ақылды қала» класындағы шешімдер мен халыққа арналған цифрлық қызметтерді қарастырды.

Инженерлік орталығы мамандары үшін форум Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдеріндегі әріптестердің тәсілдерін Президенттің Іс басқармасының ақпараттық жүйелерін қолдау және дамыту бойынша өз міндеттерімен салыстыруға, сондай-ақ кейінгі кәсіби алмасу үшін байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.

Ұсынылған тәжірибелер цифрлық шешімдердің пилоттық жобалардан күнделікті пайдалануға дейінгі жолды қаншалықты тез еңсеретінін көрсетті — бұл тәжірибе Орталықтың алдағы жұмысы үшін тікелей практикалық маңызға ие.

«Қытай–Шанхай ынтымақтастық ұйымы цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастық пен даму форумы» жыл сайын өткізіледі және төрт жыл ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері арасындағы кәсіби диалогтың маңызды алаңдарының біріне айналды.