4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай балалар арасында «Еліміздің рәміздерін қалай түсінесің?» атты шығармашылық байқау ұйымдастырылды.
Шара барысында қатысушылар жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдана отырып, мемлекеттік рәміздер бейнеленген суреттер мен ерекше бейнероликтер дайындап ұсынды. Байқау нәтижесінде балалардың рәміздер туралы білімі ғана емес, оларға деген ерекше құрметі мен патриоттық сезімдері, қастерлеу мәдениеті жоғары деңгейде көрініс тапты.