Басты бетҰлттық жасанды интеллект платформасын пайдалану бойынша оқыту семинары өткізілді

Ұлттық жасанды интеллект платформасын пайдалану бойынша оқыту семинары өткізілді

Ұлттық жасанды интеллект платформасын пайдалану бойынша оқыту семинары өткізілді Ұлттық жасанды интеллект платформасын пайдалану бойынша оқыту семинары өткізілді Ұлттық жасанды интеллект платформасын пайдалану бойынша оқыту семинары өткізілді Ұлттық жасанды интеллект платформасын пайдалану бойынша оқыту семинары өткізілді

2026 жылғы 13 мамырда «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ (бұдан әрі – МТҚБ) қызметкерлері және МТҚБ-ға қарасты кәсіпорындар үшін Ұлттық жасанды интеллект платформасы (бұдан әрі – ҰЖИП) бойынша оқыту семинары өткізілді.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ЖИЦДМ) қолдауымен ШЖҚ-дағы «МТҚБ Инженерлік орталығы» РМК мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (бұдан әрі – «ҰАТ» АҚ) бірлесіп ұйымдастырды.

Семинар аясында қатысушылар ҰЖИП-тің функционалдық мүмкіндіктерімен, сондай-ақ жасанды интеллект құралдарын күнделікті жұмыс барысында қолданудың практикалық сценарийлерімен танысты. Өзінің ЖИ-ассистенттерін құру және пайдалану, құжаттарды өңдеуді автоматтандыру, деректерді талдау және жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы еңбек өнімділігін арттыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

«ҰАТ» АҚ өкілі Лаура Ажмағамбетованың сөз сөйлеуі барысында ҰЖИП-тің ҚР ЖИЦДМ мемлекеттік инфрақұрылымында орналастырылғаны және ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің жұмыс қызметінде пайдалануға рұқсат етілетіні атап өтілді.