Басты бетИнженерлік орталық «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында Алғыс айту күнін ерекше атап...

Инженерлік орталық «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында Алғыс айту күнін ерекше атап өтті

Инженерлік орталық «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында Алғыс айту күнін ерекше атап өтті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.02.2026 ж. № Д-6//60,1 Қаулысымен бекітілген «Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар» жоспарына сәйкес, 1 наурыз күні кәсіпорында Алғыс айту күнін атап өту аясында жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен ұйымдастырылған ерекше челендж өтті.

Бұл шарада қызметкерлер өз әріптестеріне алғыстарын білдіру үшін ЖИ мүмкіндіктерін креативті түрде пайдаланды. Әсіресе, Азат Иманкуловтың ЖИ қолданып жасаған бейне құттықтауы көпшіліктің ықыласына бөленді. Айта кетейік, Стенография және синхронды аударма қызметтері де өздерінің ерекше бейне роликтері арқылы әріптестеріне деген шынайы ризашылықтарын жеткізді.

Сонымен қатар, кәсіпорынның WhatsApp корпоративтік чаты алғыс пен ризашылық сөздерге толы болды. Кейбір қызметкерлер дәстүрді сақтап, қолдан жазылған алғыс хаттарын арнайы жәшікке салып, жақсы көңіл-күй мен көктемдік шабыт сыйлады.

Бұл шара – цифрландыру және жасанды интеллекттің күнделікті жұмысқа енгізілуінің жарқын мысалы ғана емес, сонымен қатар ұжымдағы достық, өзара құрмет және қолдау қарым-қатынастарын нығайтуға бағытталған маңызды қадам.