2026 жылдың 19 ақпанында «Отбасы банк» АҚ өкілдері Инженерлік орталықтың жұмыскерлерімен қолжетімді тұрғын үй және оны сатып алудың қолданыстағы құралдары мәселелеріне қатысты кездесу өткізді. Қатысушыларға Қатысушыларға өзекті тұрғын үй бағдарламалары, несие беру шарттары және қарыз алушылардың әртүрлі санаттарына бағытталған практикалық шешімдер ұсынылды.
Кездесу барысында банк мамандары бағдарламаларға қатысу тетіктерін, ресімдеу тәртібін, өтініш берушілерге қойылатын талаптарды және әрбір өнімнің негізгі артықшылықтарын егжей-тегжейлі ашып түсіндірді. Оңтайлы жинақтау стратегиясын таңдаудан бастап мемлекеттік және банктік қолдау құралдарын тиімді пайдалануға дейін қолданбалы аспектілерге ерекше назар аударылды.
Отбасы Банкінің стратегиялық басымдығы азаматтарды тұрғын үйді қаржыландыру саласында қолжетімді және ашық шешімдермен қамтамасыз ету болып табылатыны атап өтілді. Өткізілген іс-шара жұмыскерлердің қаржылық сауаттылығын арттыру және тұрғын үй мәселелерін шешуде олардың мүмкіндіктерін кеңейту үшін маңызды алаңға айналды.
Кездесу соңында сұрақ-жауап сессиясы өтті, оның аясында жұмыскерлер атаулы кеңестер алды. Банк өкілдері ұзақ мерзімді тұрақтылық пен өмір сапасына қол жеткізуде сенімді серіктес бола отырып, тұрғын үй жағдайларын жақсартудың барлық кезеңдерінде клиенттермен бірге жүруге дайын екендіктерін растады.