Басты бетStudent's Book цифрлық сервисі студенттер үшін тәжірибеден өтуді жеңілдетеді

Student's Book цифрлық сервисі студенттер үшін тәжірибеден өтуді жеңілдетеді

Student's Book цифрлық сервисі студенттер үшін тәжірибеден өтуді жеңілдетеді

Автоматтандыру бағытындағы цифрлық құралдарының бірі Student’s Book цифрлық сервисі болып табылады. Бұл – студенттердің практикасын ұйымдастыру мен сүйемелдеудің сапалы жаңа деңгейін қамтамасыз ететін кешенді платформа.

Student’s Book цифрлық сервисі өндірістік және диплом алдындағы практикадан өту процесін жеңілдетуге және цифрландыруға арналған. Сервисті енгізу өндірістік және диплом алдындағы практикадан өту процесін жүйелеуге және стандарттауға, әкімшілік кедергілерді азайтуға, сондай-ақ өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік берді. Платформа студенттер, білім беру ұйымдары және қабылдаушы тараптар арасындағы өзара іс-қимылдың ашық цифрлық ортасын қалыптастырып, коммуникацияның жеделдігін, мәртебелерді бақылауды және процесті жалпы басқару тиімділігін қамтамасыз етеді.

Сервис студенттерге тіркелуге, жеке кабинет ашуға, ұйымды таңдауға және практикадан өтуге өтінімді электрондық форматта беруге мүмкіндік береді. Өтінімді қараудың барлық кезеңдері онлайн режимде көрсетіледі, бұл жеке жүгіну мен қағаз құжат айналымының қажеттілігін болдырмайды.

Ұйымдар үшін Student’s Book өтінімдерді қабылдау және өңдеу, кандидаттарды іріктеу және есептілікті қалыптастыру бойынша қолайлы құрал ұсынады. Жоғары оқу орындары студенттер мен практика базалары арасындағы өзара іс-қимылды неғұрлым басқарылатын әрі ашық форматта ұйымдастыру мүмкіндігіне ие болады.

Платформа арқылы студенттер практикадан өтуге өтінім бере алады. Бүгінгі күні платформаға 22 ұйым қосылған.

Өтінім беру ақпараттық технологиялар, инженерлік-техникалық мамандықтар, экономика және қаржы, құқықтану, гуманитарлық ғылымдар, сондай-ақ басқару және әкімшілік қызмет бағыттары бойынша қолжетімді. Практикадан өтуге өтінімді сервистің studbook.umto.kz ресми сайты арқылы беруге болады.