Басты бет10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар күні

10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар күні

10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар күні 10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар күні 10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар күні 10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар күні 10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар күні 10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар күні

Цифрландыру және ақпараттық технологиялар күніне орай Кәсіпорында салтанатты жиналыс өтті. Іс-шараны Кәсіпорын директоры Манат Серікұлы Ысқақов ашып, ұжым мүшелерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің атынан «Үздік цифрландырушы» төсбелгісімен Манат Серікұлы Ысқақов пен Ольга Николаевна Лапаева марапатталды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісі Аппараттарының басшыларының, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының және Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы басшысының алғыс хаттарымен қатар, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының Инженерлік орталығы директорының атынан да бірқатар қызметкерлер марапатталды.

Бұл марапаттар ұжым мүшелерінің кәсіпорынның цифрландыру үдерісіне қосқан зор үлесін және ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары кәсіби шеберлігін айғақтайды.