Басты бетБасшылықтың Инженерлік орталықтың ұжымымен кездесуі

Басшылықтың Инженерлік орталықтың ұжымымен кездесуі

Басшылықтың Инженерлік орталықтың ұжымымен кездесуі Басшылықтың Инженерлік орталықтың ұжымымен кездесуі Басшылықтың Инженерлік орталықтың ұжымымен кездесуі

2025 жылғы 10 қыркүйекте МТҚБ инженерлік орталығында Кәсіпорын басшылығы мен «МТҚБ» ММ-нің ұжыммен кездесу өтті. Басты мәселе Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауын талқылау болды.

Жолдауда ел дамуының стратегиялық бағыттары көрсетілген – цифрландыру, инфрақұрылымды модернизациялау, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және мемлекеттік институттар жұмысының ашықтығы. Бұл бағыттар ҚР Парламентінің қызметін техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін Инженерлік орталықтың жұмысымен тікелей байланысты.

МТҚБ ИО ұжымы міндеттерді орындаушы ғана емес, парламенттік процестердің ашықтығы, инновациялық шешімдерді енгізу және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімінің жоғары деңгейі кәсібилігі мен үйлесімділігіне байланысты стратегиялық команда болып табылатыны атап өтілді.

Инженерлік орталықтың жұмыскерлері қызметтің беделін Парламенттің сенімді тірегі ретінде нығайтып, Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің іске асыруға өз үлестерін қоса отырып, толық қайтарыммен әрі қарай жұмыс істеуге дайын екендіктерін растады.