


Бүгін, 2025 жылдың 11 шілдесінде МТҚБ басшысының орынбасары С.Е. Компаниец Инженерлік орталықтың ұжымына цифрландыру бойынша директордың орынбасары Б.Н. Тузелбаевты ұсынды.
Бейбіт Нұрланұлы Тузелбаев 1989 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.
2011 жылы «Математика» мамандығы бойынша М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін және 2014 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Лондон Корольдік колледжін бітірген, қаржы математикасы бойынша ғылым магистрі дәрежесі берілді.
2014-2018 жылдары Joint Stock Company «Information Analytic Center» «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ның менеджері; «КПМГ Таксэнд Эдвайзори» ЖШС басқарушылық кеңес беру бөлімінің аға кеңесшісі; «Біріккен химиялық компания» ЖШС Корпоративтік қаржы және Қазынашылық департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
2020-2022 жылдары - жасанды интеллект саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерді қолдау корпоративтік қорының жобаларды басқару Кеңсесінің жобалық менеджері.
2023 жылдан 2025 жылға дейін басқарушылық және басшылық лауазымдарда болды:
- Бағдарламалық қаржыландыру офисінің директоры, қатысушыларды қолдау қызметінің басшысы, Astana Hub «IT-стартаптардың халықаралық технопаркі» корпоративтік қорының қатысушыларды қолдау офисінің директоры;
- Интеграцияланған шешімдер департаментінің директоры, «Астана Innovations» АҚ ІТ-архитекторы.
Бейбіт Нұрланұлы цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін болады.