72 балдырған бақ сынаған сайысқа қатысушылар жас ерекшелігіне қарай екі топқа бөлініп ойнады.
Жарыстың ашылу салтанатында cөз алған ҚР ПІБ аппаратының басшысы Мұрат Дәрібаев:
– Шахмат – ақылдылар мен тапқырлардың ойыны, ол логиканың мықты болуын талап етеді. Спорттың осы интеллектуалдық түрінен бақ сынауға тілек білдірген балалардың көп болғанына қуаныштымыз. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін! – деді.
7-9 жастағы бүлдіршіндердің шаршы тақтадағы тартысты бәсекесінде 1-орынды Әлмәди Ерболатов жеңіп алды. Жүлделі 2-3-орындарды Әли және Нәби Бөлеубай есімді егіздер иеленді. Ерекше ойын өрнегімен көзге түскен Іңкәр Қожахметова арнайы сыйлыққа лайық деп табылды.
10-12 жас аралығындағы шахматшылар сайысында Айсұлтан Исабай жеңімпаз атанды. 2-орынды Сұлтан Құсайын жеңіп алса, 3-орын Азат Оразаевқа бұйырды. Шеберлігімен көзге түскен Инженерлік орталық қызметкерінің қызы - Самира Серіковаға төрешілер шешімімен арнайы сыйлық табысталды.